Егер АҚШ соғыс бастаса, оның аяқтаушысы болмайтыны шәксіз
Ислам республикасы ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды, бірақ егер шабуыл жасалса, бар күш-қуатымен өзін қорғайды.
БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркте сапарда жүрген Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф CNN арнасына берген сұхбатында: "Иран АҚШ-қа егер соғыс бастаса, оның аяқтаушысы болмайтыны шәксіз екенін сан рет ескертті",- деп мәлімдеді.
Соғыс – айыпталатын және тыйым салынған құбылыс. Бірақ шапқыншыға қарсы қорғаныстың жөні басқа. Сондықтан қоқан-лоққыға сай әскери күш-қуатқа ие болу қорғаныс пен стратегиялық пікірталастардың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Өйткені қорғаныстық құдыретке ие мемлекет өз күшін қоқан-лоққыларды залалсыздандырып, шапқыншыға дер кезінде жауап беріп, өз күшін соғысқұмарларға қарсы стратегиялық құрал ретінде пайдалана алады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен Иранның қоқан-лоққыларға қарсы қорғаныстық және шапқыншылық құдыретін бағалап: "ИИР әрқашан дұшпанның қоқан-лоққыларына шынайы мән берді. Біздің зымырандық және әуе қорғаныс салаларында стратегиялық күш-құдыретке ие болғымыз келетіні де осы мәселеге байланысты. Қазіргі таңда Иран әскери салада кез келген қоқан-лоққыға қатаң жауап қайтаратын құдыретке ие. Мұны Трамп пен АҚШ үкіметі жақсы біледі. Бұл жағдай Тель-Авив үшін де жасырын емес. Олар дауыстап қоқан-лоққы жасайды. Өйткені соғыса алмайтындарын біледі. Қоқан-лоққыларын күшейтеді. Трамптың тәсілі мынадай: Трамп соғысқысы келмейді; соғыспау үшін қоқан-лоққы жасайды",- деді.
Иран бүгінде зымырандық әлеуетке ие. Қажет болса, өзінің зымырандық құдыретін дұшпанның нысандары мен Парсы шығанағы және Ормұз бұғазындағы АҚШ-тың лаңкестік күштері мен Парсы шығанағы елдеріндегі Вашингтонның әскери базаларын нысанаға алуға пайдалана алады. Бұл – қорғаныстық стратегиялық әлеуеттің белгісі. Сондықтан АҚШ Иранға қарсы соғыс бастауға шешім қабылдаса, аймақтағы кең масштабты соғысқа, тіпті америкалық базалар мен әскерилері орналасқан елдердің ішіндегі соғысқа да дайындалуы керек. АҚШ-тың аймақта қауіп-қатер мен соғысты кеңейтуінің мақсаты – Ислам республикасы жүйесін қауіпсіздікті қамтамасыз еті алмайды деп көрсету. Бірақ Иран АҚШ пен аймақтағы одақтастарының талпыныстарына қарамастан қоқан-лоққыларға қарсы табандылық танытуда.