Зариф: АҚШ-тың зорлық-зомбылығына қарсы тұру керек
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың зорлық-зомбылығы мен заңсыз әрі зұлым шараларына қарсы тұру керек екенін баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында Венесуэла Президентінің орынбасары Делси Родригеспен кездесуінде АҚШ-тың Латын Америкасында, соның ішінде Венесуэлада тудырып жатқан дағдарыс туралы сұхбаттасты.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Иран Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында ұсынған "Үміт коалициясы" идеясы мен "Ормұз бейбіт бастамасын" түсіндіріп, АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі және онымен күресудің жолдары туралы пікір алмасты.
Зариф жұма күні Сирия, Кувейт, Ирак, Пәкістан, Нидерланды, Финляндия, Армения, Никарагуа және Куба елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесіп, Сирия дағдарысы, Йемен, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы, түйткілдер және аймақтың басқа мәселелері мен екіжақты қарым-қатынас жөнінде сұхбаттасты.