Ресей Аляскаға жақын жерде зымырандық сынақ өткізді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43628-Ресей_Аляскаға_жақын_жерде_зымырандық_сынақ_өткізді
Ресей Қорғаныс министрлігі бейнетаспа таратып, кемеге қарсы Яхонт атты қанатты зымыранның сынақтан сәтті өткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 29, 2019 15:47 Asia/Almaty
  • Ресей Аляскаға жақын жерде зымырандық сынақ өткізді

Ресей Қорғаныс министрлігі бейнетаспа таратып, кемеге қарсы Яхонт атты қанатты зымыранның сынақтан сәтті өткенін хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан бейнетаспа бойынша, бұл зымыран белгіленген уақытта 200 км-дан артық қашықтықта Чукотка теңізінде орналасқан нысанаға, яғни кемеге дөп тиген. Бұл маневр Ресейдің Солтүстікке назар аудару саясаты аясында орындалған сыңайлы.  Өйткені соңғы жылдары Солтүстік полюсінде мұздың еру жылдамдығы артып, бай көмірсутек көздеріне қолжетімділік жеңілдеген соң бұл аймақ Ресей мен қарсыластары бәсекелесетін жаңа алаңға айналды.