Иран мен Еуразия арасында преференциалды тариф жойылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43643-Иран_мен_Еуразия_арасында_преференциалды_тариф_жойылады
Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран Президентінің Армения сапарымен тұспа-тұс Иран мен Еуразия елдері арасындағы кейбір тауарлардың преференциалды тарифының жойылатынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 30, 2019 13:18 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразия арасында преференциалды тариф жойылады

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Иран Президентінің Армения сапарымен тұспа-тұс Иран мен Еуразия елдері арасындағы кейбір тауарлардың преференциалды тарифының жойылатынын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия  жөніндегі орынбасары Ғоламреза Ансари кеше жексенбі күні Иран мен мен Еуразия елдері арасындағы тауарлардың жеңілдікті тарифы келісіміне тоқталып, екі жақтың 800-ден астам тауарды жеңілдікті сауда келісіміне енгізуге келіскенін айтты. Ғоламреза Ансари Иран мен Еуразия арасындағы ынтымақтастықтарға тоқталып: «Кейбір тауарлардың жеңілдікті тарифының жойылуымен екіжақты импорттың шектеулері алынады»,- деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани Армения Президентінің ресми шақыруымен Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитіне қатысып, сөз сөйлеу үшін бүгін дүйсенбі күні Ереванға аттанды.