Руханидің Армения сапары – Иран мен Еуразия байланыстарының жаңа кезеңі
ИИР Президенті Хасан Рухани Армения Премьер-министрінің ресми шақыруымен бүгін дүйсенбі күні Ереванға аттанады.
ИИР Президенті бұл сапарында сейсенбі күні өтетін Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитіне қатысып, сөз сөйлейді. Теһранның негізгі саясаты көршілес елдер, соның ішінде Армениямен достық қарым-қатынасты кеңейту. Сондықтан Иран барлық салаларда Армениямен қарым-қатынасты бұрынғыдан арттыруға дайын.
Армения қазіргі таңда Еуразия Экономикалық одағының кезеңдік басшысы міндетіне ие болып отыр. Сол себепті ИИР Президентін Еуразия басшылары самитіне қатысуға шақыруы Иран мен Еуразия қарым-қатынастарының жаңа кезеңінің басталуы саналады. Екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңінің қомақты бөлімі Еуразия мен Иран арасындағы азат сауда құру келісіміне байланысты. Еуразия Экономикалық одағы мен ИИР азат сауда аймағын құру жөніндегі келісімге 17 мамырда Қазақстанның астанасында қол қойған болатын. Еуразия Одағы жеті мақсатты көздейді: сауданы жеңілдету, ТМД елдері аймағында ортақ нарық құру, Одақтың ішінде кедендік заңдарды бірте-бірте жою, мүше елдер арасында ортақ тариф орнату, кедендік шараларды үйлестіру, тауарларды азат тасымалдау, инвестиция, жұмыс күші мен Еуразия шекарасында қызмет ету, энергетика, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен транспорт салаларында ортақ саясат жүргізу.
ИИР Еуразия Одағына мүше бес елдің әрқайсымен екіжақты инвестиция жөніндегі келісімге отырды. Еуразия Одағының ең үлкен мемлекеті Ресей өзінің 140 миллион халқымен ирандық саудаға ашық. Өткен жылы Иран мен Ресейдің үкіметтік және жеке сектор басшылары арасында келіссөздер жүргізілді. Аймақ елдері және аймақ одақтары арасындағы ынтымақтастықтың маңызы бұрынғыдан екі есе артты. Бүгінде "Жібек жолы" жобасына қатысу мен Еуразия Одағына мүше болу ирандық экономикалық белсенділер үшін маңызды. Иранның Одаққа қосылуынан кейін екі жақтың 864 түрлі тауары, соның ішінде 503 ирандық тауар үшін преференциалды тарифтер қолданылып, оларды экспорттауға мүмкіндік туады. ИИР Президентінің Армения сапары және Еуразия Одағы басшыларының саммитіне қатысуы Иран мен Арменияның екіжақты, сондай-ақ аймақтық экономикалық қарым-қатынастарды екіжақты мүдделерге сай дамыту үшін маңызды мұрсат болады деп күтілуде.