Рухани мен Путин маңызды мәселелер туралы пікір алмасты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43674-Рухани_мен_Путин_маңызды_мәселелер_туралы_пікір_алмасты
Рухани мен Путин екіжақты, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 02, 2019 12:04 Asia/Almaty
  • Рухани мен Путин маңызды  мәселелер туралы пікір алмасты

Рухани мен Путин екіжақты, аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.

Хасан Рухани мен Владимир Путин кеше сейсенбі күні Еуразия Экономикалық одағы басшылары саммиті аясындағы кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық мәселелерді шешу саласындағы жан-жақты дипломатиялық жетістіктің үлгісі деп бағалап, келісімнің нәтижесі оған қол қойған барлық тарапты өз міндеттемелерін толық орындауға міндеттейтінін мәлімдеді. Рухани «Ормұз бейбітшілігі» бастамасының мақсатын Ормұз бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтып, барлық тұрғындарының тұрмысын жақсарту деп атап: «Бұл бастама энергетикалық қауіпсіздік, азат кеме қатынасы мен Ормұз бұғазы аймағындағы елдердің мұнайы мен басқа да ресурстарын еркін тасымалдау салаларындағы ынтымақтастықтарды қарастырады»,- деді.  

Ресей Президенті де кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қайталап: «Мәскеу келісімге қол қойған елдерді міндеттемелерін толық орындатуға бар күшін  салады»,- деді. Путин Иран мен Еуразия Экономикалық одағының экономикалық ынтымақтастығының басталуын қолдап, оны аймақтық интеграция мен дамудың артуына жағдай тудырады деп сараптады.