Зангане: Валюта нарығының саяси болмағаны жөн
Иранның Мұнай министрі біржақты, заңсыз араласушылық жасалмас үшін валюта нарығының саяси болмағаны жөн екенін айтты.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане бүгін сәрсенбі күні Мәскеуге келген кезде валюта нарығының саясаттан бөлек болуын тұтынушылар мен өндірушілердің мүддесіне деп атады. Зангане Сауд Арабиясының мұнай өндірісі бетпе-бет келген оқиға мен Арамко мұнай жауытына жасалған шабуылдан кейін сол елдің мұнай өндірісінің төмендеуі жөнінде: «Сауд Арабиясы бұл оқиғаны зорайтып, әлемге энергетикалық қауіпсіздік қауіп-қатерге тірелді деп көрсеткісі келгенімен мұнай нарығы қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыруда»,- деді. Иранның Мұнай министрі газ экспорттаушы елдер отырысының тәжірибе және ақпаратпен алмасу орталығына айналғанын баса айтып, бұл сапарында газ экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Мұнай және Энергетика министрлерімен кездесіп, пікір алмасатынын айтты.