Қытай озық әскери техникасын көрсетті
Қытай армиясы Қытай Халық республикасының құрылу күнінің жылдығына орай әскери парад өткізіп, жаңа ядролық зымырандарын көрсетті.
"ИРНА" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қытайдың 12000 км қашықтыққа жететін DF 41 ядролық зымыраны АҚШ-тың кез келген аймағын нысанаға ала алады. Қытай армиясы сондай-ақ әскери парадта жарты сағатта АҚШ-қа жететін дыбыстан жылдам жаңа баллистикалық DF 100 ракетасын көрсетті.
Кешегі парадта көрсетілген ядролық оқтұмсықтар тасымалдай алатын DF 17 алыс қашықтықтағы дыбыстан жылдам зымыраны әртүрлі маневрлер жасай алатын зымырандардың бірі. Ол өзінің маневр жасау қабілетімен АҚШ-тың зымырандық қорғаныс қалқанынан өте алады.