АҚШ-тың біржақты саясатымен қарсыласу керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43682-АҚШ_тың_біржақты_саясатымен_қарсыласу_керек
ИИР Президенті Хасан Рухани Ереванда Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың біржақтылығымен қарсыласу қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 02, 2019 18:12 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың біржақты саясатымен қарсыласу керек

ИИР Президенті Хасан Рухани Ереванда Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде АҚШ-тың біржақтылығымен қарсыласу қажеттігін қуаттады.

ИИР Президенті Рухани саммитте сөйлеген сөзінде: "АҚШ соңғы жылдары біржақты ұстанымы, халықаралық міндеттемелерге немқұрайдылық танытуы және екіжақты келісімдерді бұзуымен басқа елдерді, соның ішінде Қытай мен Ресейді, сондай-ақ, өз одақтастарын нысанаға алды",- деді. Сейсенбі күні Ереванда Еуразия Экономикалық одағы басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде ИИР Президенті бірнеше тақырыпқа тоқталды: бірінші тақырыбында экономикалық, сауда және саяси одақтар аясындағы ұжымдық және аймақтық ынтымақтастықтарды қуаттады. ИИР Президентінің бұл саммитте қозғаған келесі маңызды тақырыбы өзара қарым-қатынастарды кеңейту үшін Еуразия Экономикалық одағы  инвесторларын Иранның еркін сауда аймағы мен өндірісінің, әсіресе экономикасының  мүмкіндіктері мен әлеуеттерін пайдалануға шақыруы болды. Рухани Ереван саммитіне жиналған елдер басшыларының назарын АҚШ-тың біржақтылығының салдарынан мемлекеттердің экономикалық қарым-қатынастарындағы көптеген қиындықтарға аудартып,  халықаралық жүйе үшін аймақтық жан-жақты экономикалық ынтымақтастықтың қажет екенін мәлімдеді. Бұл тақырып АҚШ Иран мен аймақ елдерінің интеграциясы және қарым-қатынастарының артуының алдын алуға талпыныс жасап отырған жағдайда стратегиялық тұрғыдан маңызды.  Халықаралық қарым-қатынастардың маманы Кейхан Бозоргидің пікірі бойынша, экономикалық даму мен қауіпсіздік  саласындағы ең сындарлы сыртқы саясат - ұлттық әлеуеттің тәуелсіз негіздеріне сүйенген екіжақтылық пен жан-жақтылық. АҚШ-тың біржақты саясаты ­­- бүкіл елдердің мүдделерін қауіп-қатерге тірейтін және бүгінде әлемдік еркін сауда жолындағы негізгі дағдарыстардың біріне айналып келе жатқан әлемдік қоқан-лоққы.

Иран Президенті сөзінің жалғасында:   "АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері мен долларды қару ретінде пайдалануы экономикалық лаңкестікке соқтырып, қарапайым халықтың тұрмысына қиындық тудырып отыр. Негізінде Вашингтон аймақтағы шиеліністі арттырып, бүкіл елдердің экономикалық қарым-қатынасын бұзғысы келеді»,- деп қуаттады. ИИР Президентінің стратегиялық ұсыныстары мен ұстанымдары бұл елдің сыртқы саясатының ынтымақтастық, интеграция және ортақ мүдделерге жететін жолды табуға негізделгенін көрсетеді. Осыған орай Теһран баршаның бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екіжақты, жан-жақты саяси және қауіпсіздік механизмдерін бекітуге дайындығын сан рет мәлімдеген болатын.