Америка Италияда Mahan әуе компаниясының жұмысын тоқтатуды сұрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43690-Америка_Италияда_mahan_әуе_компаниясының_жұмысын_тоқтатуды_сұрады
Американың Мемлекеттік хатшысы Италияның астанасы Римде осы елден Италиядағы Иранның Маһан әуе компаниясы жұмысының лицензиясын тоқтатуды сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 03, 2019 11:55 Asia/Almaty
  •  Америка Италияда Mahan әуе компаниясының жұмысын тоқтатуды сұрады

Американың Мемлекеттік хатшысы Италияның астанасы Римде осы елден Италиядағы Иранның Маһан әуе компаниясы жұмысының лицензиясын тоқтатуды сұрады.

 

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша Майк Помпео ИИР-на қарсы өзінің негізсіз айыптары мен уәждерін қайталап, Италиядағы Маһан әуе компаниясының жұмысын тоқтату туралы ұсынысының қабылдануына үміт білдірді.


Американың Қаржы министрлігі 2018 жылдың мамыр айының 24 күні Маһан әуе компаниясына "Сирияға жабдық тасымалдайды және ислам революциясының Сақшылар корпусымен байланыста" деген сылтаумен санкция салған болатын.  Американың қаржы министрлігі осы уақытқа дейін ирандық және шетелдік азматтар мен компанияларға әртүрлі сылтаумен, соның ішінде Сақшылар корпусымен байланыста деп сан рет санкция салды.