Майк Пенстың аяғы да UkraineGate жанжалына шырмалды
Америкалық The Washington Post газеті кеше сәрсенбі күнгі мақаласында Американың вице-президенті Майк Пенстың да UkraineGate деген жанжалға қатыстылығын жазды.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша Америка Президенті Дональд Трамп Майк Пенсты UkraineGate жанжалына сан рет кірістірген.
Америка Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да кеше Америка мен Украина президенттері Дональд Трамп пен Зеленскийдің шілде айының 25 күнгі телефон сұхбатына қатысқанын мойындады.
Трампке импичмент жариялану ықтималының шынайылыққа айналуы және бұл жайында Конгресстің зерттеулер үдерісінің ресми басталуымен Американың Мемлекеттік хатшысы Помпео өзінің саяси болашағына қауіп төнгенін көргенде мойындап отыр.