GECF – әлемнің газ нарығына жетекшілік ететін ұйым
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43706-gecf_әлемнің_газ_нарығына_жетекшілік_ететін_ұйым
Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) мұнай және энергетика министрлерінің 21-ші отырысы Ресей астанасы Мәскеудің "Метрополь" қонақ үйінде өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 04, 2019 17:18 Asia/Almaty
  • GECF – әлемнің газ нарығына жетекшілік ететін ұйым

Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) мұнай және энергетика министрлерінің 21-ші отырысы Ресей астанасы Мәскеудің "Метрополь" қонақ үйінде өтті.

 

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане бейсенбі күні Мәскеуде GECF отырысында сөйлеген сөзінде Газ экспорттаушы елдер ұйымының 18 жылдан бері көптеген жетістікке куә болғанын айтып, мүше елдердің басты міндетін қуат көздерінің үйлесімділігін сақтап, даму жолында газбен тұрақты қамтамасыз ету деп атады.   

GECF ұйымы ИИР-ның бастамасымен құрылған. Иран әлемдегі екі газ алпауытыКатар және Ресеймен кеңесе отырып, осы газ ұйымын құрды. Оның басты жобасын Ислам революциясының жетекшісі ұсынған.

Қазір Иран, Ресей, Катар, Алжир, Боливия, Мысыр, Экваторлық Гвинея, Нигерия, Тринидад пен Тобаго, Венесуэла, БАӘ мен Оман Газ экспорттаушы елдер ұйымына мүше. Нидерланды, Қазақстан, Ирак пен Норвегия осы ұйымға бақылаушы елдер болып атсалысуда.

GECF әлемдік газ нарығында маңызды рөл атқаратындықтан мамандандырылған қуатты құрылым саналады.   

Қазіргі таңда бұл ұйымның мүшелері әлемде өндірілетін газдың 44 пайызын, газ қорының 67 пайызын, газды құбыр арқылы тасымалдау үлесінің 64 пайызын, табиғи газ конденсаты (LNC) саудасының 66 пайызын иеленіп отыр.

GECF мүше елдердің газ қорлары үкіметаралық ұйымның әлемдік нарықтардағы газдың ұсынысы мен сұрасына әсерін көрсетеді.  

Газ өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы диалог әсерлі болуы үшін арнайы механизм жобалау Газ экспорттаушы елдер ұйымын құрудың басты мақсаты болды. Осы тәсіл арқылы газ нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделді.

Әлемдік сахнада біржақты қысымдар мен әрекеттердің орын алуына байланысты Газ экспорттаушы елдер ұйымына мүшелердің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету сындарлы әріптестік пен ұйым ішіндегі диалогты нығайтуға тікелей қатысты болып отыр. GECF-ке мүше елдердің қарым-қатынасы қаншалықты ауқымдырақ болса, бұл ұйымның ықпалы да соғұрлым көбірек болмақ.

Мәскеуде Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) Мұнай және Энергетика министрлерінің 21-ші отырысын өткізу бұл ұйымның әлемдік деңгейде газ өндіру, экспорттау, оның бағасын бақылауда және қуат көздерінің қауіпсіздігін кепілдендіруде ықпалды екенін көрсетті.