Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында халықаралық сауда орталығы салынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43736-Өзбекстан_мен_Қазақстан_шекарасында_халықаралық_сауда_орталығы_салынады
Өзбекстан мен Қазақстан логистикалық қызметтер мен шекаралық сауда қатынасын дамыту мақсатында екі елдің ортақ шекарасында халықаралық сауда орталығын салады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2019 15:15 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында халықаралық сауда орталығы салынады

Өзбекстан мен Қазақстан логистикалық қызметтер мен шекаралық сауда қатынасын дамыту мақсатында екі елдің ортақ шекарасында халықаралық сауда орталығын салады.

Қазақстан Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Өзбекстан астанасы Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстанның екі елдің шекаралық аймағында "Орта Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығын салуға келіскенін хабарлады.

Бұл орталықты салу Өзбекстан мен Қазақстан басшылары тарапынан екі елдің сауда-экономикалық қатынасын арттыру, жұмыссыздық деңгейін азайту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, шекаралық қайшылықтарды азайту мақсатында ойластырылған шара саналады. Орталықты ашуды ұсынғандардың болжамына сәйкес жобаны орындаудың бастапқы кезеңінде 10 мың жұмыс орны, орталықты іске қосу кезінде 40 мың жұмыс орны ашылады. Сол себепті "Орта Азия" атты халықаралық сауда-экономикалық орталық салу Орта Азияның осы ықпалды да маңызды екі елі үшін ғана емес, аймақтың басқа елдері үшін де аса маңызды болмақ. Бұған қарамастан, Орта Азия мемлекеттері арасындағы қайшылықтарға байланысты аймақтағы басқа елдерді осы ауқымды жобаға қатысуға шақыру мен орталықты салу тәсілінің маңызды боларында күмән жоқ. Осыған қатысты Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтының Орта Азия істері жөніндегі сарапшысы Аждар Куртов орталықтың салынуы мен Орта Азия мемлекеттері ынтымақтастығына қатысты күмән білдіріп, мынадай пікір айтты: "Орта Азияның кейбір мемлекеттері арасында белгілі бір салаларда әріптестік жасалуы мүмкін, бірақ ұзақ тарихи қайшылықтар мен әртүрлі мәселелерге қатысты көзқарас айырмашылығын назарға алсақ, бұл аймақ елдерінің ынтымақтасуы екіталай".  

Айтатын жайт, "Орта Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығын салу туралы меморандумға Қазақстан Президентінің Өзбекстан сапары аясында қол қойылды. Осы меморандум бойынша, аталмыш халықаралық сауда-экономикалық орталықтың құрылысы бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. 2019 жылы бастапқы дайындық кезеңі жүргізіліп, 2020-2023 ж.ж. инвестиция салынып, 2023-2025 ж.ж. эксплуатацияға беріледі деп жоспарлануда.

Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастығының қазіргі үдерісін ескере отырып, екі ел шекарасында 2025 жылы "Орта Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығы толық эксплуатацияға берілгеннен кейін екі елдің сауда айналымы айтарлықтай артады деп күтілуде.