Қазақстан Президенті Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін маңызды деп атады
Қаз 09, 2019 12:04 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті «Валдай» форумында Ресейдің Орталық Азиядағы рөлін маңызды деп атады.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» форумында сөйлеген сөзінде: «Ресей Орталық Азия аймағында стратегиялық рөл атқаруы керек, өйткені тарих бойында біртұтас геополитикалық кеңістіктің бір бөлімі болды»,- деді. Ол сөзінің келесі бөлімінде Еуразия Экономикалық одағы тақырыбына тоқталып: «Қазақстан Одақтың негіздері бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға дайын. Бұл Одақ сенімді экономикалық ұйымға айналып барады»,- деді. Қазақстан Президенті Еуразия Экономикалық одағы сауда серіктестерінің Сингапурден Сербияға дейін кеңеюін бұл істің анық белгісі деп атады.