Иран мен Қазақстан арасында сауда визасын жеңілдету – маңызды мәселе
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани Иран мен Қазақстан арасында сауда визасын жеңілдетуді маңызды мәселе деп атады.
ICANA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани кеше Сербияның астанасы Белградта Әлемдік Парламентаралық Одақтың 141 отырысы аясында Қазақстан Парламентінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесуінде Нұр-Сұлтанда өткен Азиялық Парламентаралық отырыстың сындарлы өткеніне тоқталып, Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының әрқашан оң болғанын мәлімдеді.
Қазақстанның Парламент Спикері де Әли Лариджаниге Қазақстанда өткен Азиялық Парламентаралық басқосуға Вице-спикерін жібергеніне алғыс айтып: «Биыл Иран Ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығын тойлады. осы мерекемен Иран халқын құттықтаймын»,- деді. Нұрлан Нығматулин Иранды Қазақстанмен дос елдердің бірі деп атап: «Иран мен Қазақстан Парламенттері арасындағы байланыс біз үшін өте маңызды. Біз екі елдің сот, саяси және экономикалық органдарының ынтымақтастығын қолдаймыз»,- деді.