Қаз 15, 2019 15:09 Asia/Almaty
  • Лариджани: АҚШ үкіметі күш көрсетіп, халықаралық заңдарды бұзып жатыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Лариджани: «АҚШ үкіметтері әртүрлі кезеңдерде халықаралық құқықтардың негіздеріне қайшы әрекет жасап, халықаралық құқық жүйесін әлсіретіп, бұзуға күш салып, кейбір жағдайда оны қабылдамады»,- деді.


Әли Лариджани кеше, дүйсенбі күні Белградтағы Әлемдік Парламентаралық Одақтың 41-ші сессиясында халықаралық құқық жүйесі, жан-жақтылық негізі мен адам құқығының бұрын-соңды болмаған дағдарыспен бетпе-бет келгенін қуаттап: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Климат жөніндегі Париж келісімнен шығуы, Ресеймен қару-жарақты бақылауға алу келісімін, сондай-ақ, Қытай мен Еуропа арасындағы сауда келісімдерін бұзуы бұл елдің халықаралық заңдар мен міндеттемелерге табансыздығының белгілері»,- деді. Лариджани кейбір үкіметтердің экономикалық санкцияны құрал ретінде пайдалануына сілтеме жасап: «Біржақты санкцияларды пайдалану заңсыз. Экономикалық лаңкестік кейбір үкіметтер үшін  сыртқы саясатының заңсыз мақсаттарына жету үшін пайдаланатын құралға айналды. Халықаралық сот заңдарында бұл мәселеге байланысты шаралар қарастырылмағандықтан адамдардың құқықтарына шынайы соққы беріліп жатыр»,- деді.

 

 

Тегтер