Рухани Қосылмау қозғалысының саммитінде елдерді аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға шақырды
ИИР Президенті Рухани Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 18-ші саммитында дағдарыстардан шығу жолын бір-бірінің ішкі ісіне араласпау міндеттемесіне құрметпен қарау және әріптестік пен диалогқа қолайлы жағдай жасау деп атады.
Хасан Рухани Баку саммитында осыған қатысты маңызды жайттарды баяндап, соның ішінде АҚШ-тың аймақта соғыс отын тұтатуы мен оның салдары басқа елдерге миллиардтаған доллар шығын әкелгеніне тоқталып: "Бұл соғысқұмарлықтар тек жікшілдік пен лаңкестік тамырының тереңдей түсуіне себеп болды",-деді.
Шын мәнінде АҚШ-тың біржақты саясаттары соғыс басталып, қайшылықтар артып, қатігездік көбейіп, аймақтық және халықаралық қатынаста жікшілдік пайда болып, экономикалық артта қалушылықтардың артуына себеп болды.
ИИР Президенті айтқандай, Қосылмау қозғалысы халықтың қолдауы және халықаралық қауымдастықтағы дауысымен әлемде биліктің жаңа бір полюсін оңай қалыптастыра алады.
Сарапшылардың көзқарасынша, Қосылмау қозғалысы өз мақсаттарын орындау үшін қажет әлеуеттерге ие, бірақ белгілі бір себептермен бұл мұрсаттарды пайдалана алмай отыр.
Саяси сарапшы Абулқасым Ғасемзаденің пікірінше, "Азияның шығысында қуатты аймақтық ұйымдар құрылғанымен Азияның батысында дағдарыстар мен соғыстардың салдарынан аймақ елдері аймақтық келісім жасау арқылы аймақтық тұтастыққа жете алмады".
Хасан Руханидің Баку саммитындағы сөзі де мына жайтқа меңзейді: соғыстар мен басқыншылықтар және даму мүмкіндіктерінің жойылуы – аймақ елдеріне таңылған қиыншылықтар.
Осыған орай Қосылмау қозғалысына мүше 120 елдің осы үдерістермен күрестегі рөлі өте маңызды. Қосылмау қозғалысы 1961 жылы құрылғаннан бастап кейбір мүше елдердің әлсіздігіне қарамастан, әлемдік мәселелерге ауқымды қарап, әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты принципті ұстанымдар қабылдау арқылы айрықша рөл атқарып келеді. Бұл ұйымның мүше елдері саяси тұрғыдан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да ықпалды топ құрап, өзара интеграция арқылы аймақтағы белсенді полюстерге айнала алады. Бұл интеграция саяси салада да өте ықпалды.
Қосылмау қозғалысының басқа мақсаттарының орындалуы, соның ішінде заңды қорғанысқа ие болу құқығы, ғылыми даму құқығы, сауда-экономикалық белсенділіктермен айналысу, өз жеріне ие болу және Палестина халқының өз отанына қайтып оралу құқығы – осының барлығы Қосылмау қозғалысына мүше елдердің мықтырақ әріптестік жасауын қажет етеді.
ИИР Президентінің Бакуде Қосылмау қозғалысы саммитында жасаған баяндамасы осы тұрғыдан Иранның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты шешім жолдары мен ұсыныстарын қамтыды.