БҰҰ әл-Бағдадидің өлтірілгенін растамады
Қаз 29, 2019 18:16 Asia/Almaty
БҰҰ АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобы басшысының өлтірілгені туралы сөздерінің шындығын растай алмайды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Фарһан Хақ дүйсенбі күні баспасөз отырысында америкалық басшылардың ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің өлтірілгені туралы уәждеріне тоқталып: "Мұндай ақпарат әртүрлі тараптан расталуы тиіс",-деді.
БҰҰ-ның тергеушілер тобының үйлестірушісі Эдмунд Фитон лаңкестік топтар туралы: "Бұл топ ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің өлтірілгені туралы ақпаратты растай алмайды",-деді.
Тегтер