Ресей Иранға С-300 кешенін тапсыруды бастағанын растады
Ресей Премьер-министрінің орынбасары Иранға С-300 кешенін тапсыру ісінің басталғанын растады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша Ресей Премьер-министрінің қорғаныс мәселелері жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин «Эхо Москвы» радиосына берген сұхбатында 2016-шы жылдың соңына дейін аталмыш кешеннің Иранға толығымен жіберілетіндігі туралы хабарлап: «Біз келісімге сай амал етеміз, яғни, Иран ақшасын төлеген соң, Ресей осы елге С-300 кешенін сатады»,- деді.
Рогозин бұл кешеннің Иранға толығымен тапсырылатындығына тоқталып: «Ресей кешеннің бірінші бөлімін Иранға тапсыруды бастады. Иран С-300 кешенінің бірінші бөлімін алған соң Халықаралық сотқа Ресейдің үстінен түсірген шағымын қайтып алады»,- деп мәлімдеді.