Мұнай инженерлері қоғамының медалі ирандық зерттеушіге берілді
(last modified Thu, 21 Nov 2019 13:30:42 GMT )
Қар 21, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • Мұнай инженерлері қоғамының медалі ирандық зерттеушіге берілді

Мұнай инженерлері қоғамының Cedric Ferguson медалі Пенсильвания штатының университетінде мұнай және табиғи газ инженериясы саласындағы ирандық ұстазға табыс етілді.

IRNA-ның сәрсенбі күні хабарлауынша, мұнай және табиғи газ инженериясы саласындағы ирандық зерттеуші Хамид Имами Мейбоди 2018 жылы осы қоғамның журналында басылып шыққан ең үздік мақала жазғаны үшін Cedric Ferguson медалін алды.

Бұл ирандық зерттеуішінің осы мақаласын жазуға көмектескен әріптестері Майкл Крунин мен Рассель Джанез – мұнай және табиғи газ инженериясы саласындағы зерттеушілер. Олар да Cedric Ferguson медалі мен сертификатын алды.  

Cedric Ferguson медалі мұнай және табиғи газ инженериясы саласындағы кәсіби жетістіктеріне алғыс айту үшін 36 жастан аспаған үздік мақала иелеріне беріледі.  

Канаданың Calgary университетінде және Иранның Мұнай өнеркәсібі университетінде оқыған Хамид Имами Мейбоди қазір Пенсильвания штатының университетінде сабақ береді. Ол 30-дан аса ғылыми-техникалық мақаланың авторы.  

Тегтер