Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау үшін міндеттемелерін орындауы керек
Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі әрі елшісі Ғарибабади: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтаудың жалғыз жолы – тараптардың барлық міндеттемелерді орындауы. Еуропалық елдер Иранды сынаудың орнына АҚШ-тың осы келісімді орындатпауды көздеген бүлдіргі әрекеттерінің алдын алсын",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Казем Ғарибабади бейсенбі күні АҚХА Басқарма кеңесінің отырысында Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымдары мен соған қатысты өзгерістерді баяндап: "Еуропа Иранның ядролық міндеттемелерін қысқартуын сынаудың орнына ең маңызды дипломатиялық жетістікті сақтау үшін АҚШ-тың ядролық келісімді жоюға бағытталған бүлдіргі рөлін жалғастыруының алдын алуы керек",-деді.
Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізу туралы уәждерін теріске шығарып: "АҚШ-тың саяси шараларының мақсаты – халықаралық хаттамалардағы міндеттемелерге табандылықтан қашу. Сан рет жарияланғандай, Иранның қорғаныс және қауіпсіздік доктринасы мен саясатында ядролық қаруға орын жоқ",-деді.