Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жауапкершілікке шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44426-Иран_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесін_жауапкершілікке_шақырды
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Иранның ежелден айтып келе жатқан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето құқығын өзгерту туралы ұстанымын қайталап: «Қауіпсіздік кеңесі мен мүшелері өз жұмысы жөнінде әлемдік қауымдастыққа жауап беруі тиіс»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 27, 2019 13:34 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жауапкершілікке шақырды

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Иранның ежелден айтып келе жатқан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето құқығын өзгерту туралы ұстанымын қайталап: «Қауіпсіздік кеңесі мен мүшелері өз жұмысы жөнінде әлемдік қауымдастыққа жауап беруі тиіс»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында көтерілген Қауіпсіздік кеңестің реформаларына байланысты отырыста Маджид Тахтраванчи: «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау кеңестің басты міндеті. Бірақ Кеңестің бұл міндетіне қатысты қазіргі және бұрынғы жұмыстарына жасаған шолу оның біздің сенімімізді ақтамағанын көрсетеді»,- деді. Тахтраванчи іс-қимылының нәтижесінде Қауіпсіздік кеңесінің заңды әрі сенімділігіне байланысты дағдарысқа тірелгеніне тоқталып: «Бұл Кеңестің іскерлігін бағалайтын жалғыз фактор – оның Жарғысында жазылған әділет негізі мен халықаралық заңдар»,- деп қуаттады.