Синдзо Абэ: Жапония «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауын жалғастырады
Жапония Премьер-министрі Токионың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауды және халықаралық келісімнің қиындықтарын дипломатиялық жолмен шешу жолындағы талпынысын жалғастыратынын қуаттады.
Синдзо Абэ кеше сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчимен кездесуінде өзінің Теһран сапары мен Ислам революциясының жетекшісімен кездесуіне тоқталып, екі ел арасындағы саяси кеңесулердің жалғасуына қолдады. Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары ИИР Президенті Хасан Руханидің жолдауын Жапония Премьер-министріне тапсырып: «Санкциялардың күші жойылған жағдайда Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық іске асыру үдерісіне оралуға дайын»,- деді. Арақчи сондай-ақ Иран Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясында ұсынған «Ормұз бейбітшілігі» жобасы жөнінде: «Иран Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы аймағының қауіпсіздігі, бейбітшілігі мен тұрақтылығын қорғау үшін Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы аймағының өзгерістері әсер ететін барлық мемлекетті Иранның аталмыш бастамасын қолдауға шақырады»,- деді.