Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қаза болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44717-Мысырда_Қазақстан_елшілігінің_қызметкері_жұмбақ_жағдайда_қаза_болды
Жергілікті ақпарат құралдары Каирдегі Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің бірінің жұмбақ жағдайда қаза болғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 18, 2019 12:42 Asia/Almaty
  • Мысырда Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қаза болды

Жергілікті ақпарат құралдары Каирдегі Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің бірінің жұмбақ жағдайда қаза болғанын хабарлады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Каирдегі Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов жұмбақ түрде қаза болды. Марқұмның туысы Гүлнәр Пернебекованың айтуынша, Еламан Жолдасовтың мәйіті үйіне жақын жерден табылған. Ол: «Еламанның мәйіті табылған кезде қолы артынан байланып, киімі қанға ластанғаны көрінді. Жерде сүйретілгені анық және мойынында арқан болды»,- деді. Пернебекованың айтуынша, "Еламан өз өзіне қол жұмсады" деген болжам қарастырылып жатыр. Бірақ оның жақындары бұл тақырыпқа қарсы. Пернебекова сөзінің жалғасында: «Жолдасов студент кезінен Мысырда өмір сүріп, білім алды. Ол Қазақстан елшілігінде мәдени мәселелер маманы ретінде жұмыс қызмет етті»,- деді.