Ресей "Искандер" зымыранын сынақтан өткізді
Жел 18, 2019 15:13 Asia/Almaty
Мәскеудің Вашингтонға америкалықтардың зымыран сынақтары жөнінде жасаған ескертулерінен кейін Ресей армиясы баллистикалық "Искандер" зымыранының сәтті сынағы туралы бейнематериал таратып, оның ықтималды нысанды дәл жарғанын хабарлады.
RT (Russia Today) ақпарат агенттігінің мәліметінше, Астрахань облысының Капустин Яр базасында "Искандер" зымыраны сәтті атылып, шамамен 60 км қашықтықты өтіп, ықтималды нысанаға тиіп, оны жарып жіберген.
Ресей армиясының сынақтан өткізген "Искандер" зымыраны 500 км жуық қашықтыққа жете алады.