Трамптың импичментінің резолюциясы бекітілді
Америка Конгресінің өкілдері сәрсенбі күнгі тарихи дауыс беруде президент Дональд Трамптың импичментінің резолюциясын бекітті.
IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша Америка Конгресінің өкілдері Дональд Трамп «Америка тарихындағы импичментке түскен үшінші президент» деп аталу үшін көпшілік дауыспен екі бөлімде де оның импичментінің резолюциясын бекітті.
Америка Конгресінің өкілдері Трамптың импичменті резолюциясының «Билікті теріс пайдаланды» деген бірінші тарауын 230 оң, 197 қарсы дауыспен, резолюцияның «Конгресс зерттеулеріне кедергі жасады» деген айыпқа негізделген екінші тарауын 229 оң, 198 қарсы дауыспен бекітті.
Мұның алдында Америка Өкілдер Палатасының Сот комитеті «Билікті асыра пайдаланды», «Конгрестің зерттеулеріне кедергі жасады» деген айыптарды Америка президенті Дональд Трамп импичментінің екі бөлімі ретінде бекіткен болатын.
Трамп импичментінің резолюциясы қорытындыланып, сот отырысын өткізу үшін Сенатқа жіберіледі.
Трамптың импичментін Сенатта қарастыру ісі 2020 жылдың қаңтар айында жүзеге асырылады.
Трамптың импичмент үдерісі оның Украина президентімен телефон сұхбаты әшкере болғаннан кейін басталды.