Жел 20, 2019 19:30 Asia/Almaty
  • Гректер сионистік режимнің туын өртеді

Грекияның АЕК баскетбол командасы мен сионистік режимнің Hapoel командасының Афиныда өткен ойынында грек командасының жақтастары сионистік режимнің туын өртеп жіберді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  бейсенбі күні кешке Грекияның АЕК баскетбол командасының мыңдаған жанкүйері Палестина туын осы елдің Израиль түрмелерінде көп жылдан бері жатқан кейбір басшыларының суреттерінің жанында желбіретті. 

Еуропа баскетбол лигасы аясында өткен бұл ойында грек командасының жанкүйерлері қарсылас команданың жанкүйерлерімен қақтығыспастан сионистік режимнің туын өртеді. 

Сионистік режим басып алған аймақтардың Азияда орналасқанына қарамастан бұл режимнің спорт командалары ислам және араб елдерінің санкцияларынан қашу үшін  Еуропа премьер-лигаларына қатыстырылады. 

Тегтер