Бүгін Өзбекстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44771-Бүгін_Өзбекстанда_парламенттік_сайлау_өтіп_жатыр
Өзбекстан халқы бүгін жексенбі күні жаңа Президент Шавкат Мирзиеев билік басына келгеннен бері бірінші рет парламенттік сайлауға қатысу үшін сайлау учаскелеріне барып жатыр.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 22, 2019 14:36 Asia/Almaty
  • Бүгін Өзбекстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр

Өзбекстан халқы бүгін жексенбі күні жаңа Президент Шавкат Мирзиеев билік басына келгеннен бері бірінші рет парламенттік сайлауға қатысу үшін сайлау учаскелеріне барып жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зайырлы саяси жүйеге ие Өзбекстан халқының саны – 33 млн. Олардың басым бөлігі мұсылмандар. 20 млн адам дауыс беру шарттарына сай келеді.  

Өзбекстанда отыз жылдық тәуелсіздік барысында шынайы оппозициялық партиялар болған жоқ. Жексенбі күнгі сайлауға үкіметке жақтасатын партиялар ғана қатысып жатыр.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев 2016 жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін билік басына келді.