Ауғанстандағы президенттік сайлауда Ашраф Ғани басым дауысқа ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44772-Ауғанстандағы_президенттік_сайлауда_Ашраф_Ғани_басым_дауысқа_ие_болды
Ауғанстанның Тәуелсіз сайлау комиссиясы осы елдегі президенттік сайлаудың бастапқы нәтижесін жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 22, 2019 14:39 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы президенттік сайлауда Ашраф Ғани басым дауысқа ие болды

Ауғанстанның Тәуелсіз сайлау комиссиясы осы елдегі президенттік сайлаудың бастапқы нәтижесін жариялады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Кабулдан хабарлауынша, Ауғанстанның Тәуелсіз сайлау комиссиясы бүгін жексенбі күні Ашраф Ғанидің 50,64 пайыз дауыс жинағанын хабарлады.

Бұдан бұрын Абдулла Абдулла бастаған "Тұрақтылық және интеграция" сайлау штабы Ауғанстанның 27 уәлаятында алынған дауыстардың бір бөлігін қайта санауға өтініш жасаған болатын. Өйткені дауыс  осы штаб бақылаушыларының қатысуынсыз саналған. Кейбір үміткерлер, соның ішінде Абдулла Абдулла заңбұзушылық байқалған президенттік сайлаудың нәтижесін қабылдамайтынын мәлімдеді.