Сауд әулеті оқшау қалды
(last modified Sun, 22 Dec 2019 13:36:00 GMT )
Жел 22, 2019 19:36 Asia/Almaty
  • Сауд әулеті оқшау қалды

Куала-Лумпур саммиты Сауд Арабиясының оқшау қалғанын түрлі қырдан көрсетті.

Куала-Лумпур саммиты 52 ислам елі басшыларының қатысуымен 18-19 желтоқсанда Малайзияның астанасында өтті. Малайзия Премьер-министрі Маһатир Мұхаммадтың бастамасымен өткен саммиттің басты мақсаты ислам әлемінің мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын ұсыну болды.

Саммиттің Сауд Арабиясына жолдаған жолдауы көп болды.  Бірінші жолдау – Сауд Арабиясының Куала-Лумпур саммитына шақырылмауы. Саммитке 52 ислам елінің жоғары лауазымды тұлғалары қатысты, бірақ Сауд Арабиясы шақырылмады. Бұл ислам елдері басшыларының Сауд Арабиясын ислам елдері арасындағы қайшылықтар мен іріткілердің себепшісі және ислам әлемінде Батыс саясаттарын орындаушы деп санайтынын көрсетеді. Йеменге қарсы 5 жылдық соғыс пен оның ауыр салдарлары, ИИР және Катармен байланысын үзуі, сионистік режиммен ашық жақын байланыста болуы, Палестина мәселесін шетке ысыруы – осының барлығы Сауд әулетінің саясаттары мен қатынастарының қатарына жатады. Бұл әрекеттер ислам әлеміне көп зиян тигізді.

Екінші жолдау – Иран, Түркия мен Катар басшыларының Куала-Лумпур саммитында бір мезгілде болуы. Сауд Арабиясы қазіргі таңда Иран, Түркия мен Катарды аймақтағы өзінің ең негізгі саяси қарсыластары санайды. Эр-Риядта Иран мен Түркияға түйткіл тудырар қауқар жоқ. Катар әмірі шейх Тамим бен Хамдтың Хасан Рухани және Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Куала-Лумпур саммитына қатысуы Сауд әулетінің қатты ашу-ызасын тудырды.

Сауд Арабиясы осы айқын оқшаулыққа қарсы бірнеше шара атқарды. Бірінші шара Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханға саммитке қатыспасын деп қысым жасауы болды. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Пәкістанның Сауд Арабиясының қысымы салдарынан Куала-Лумпур саммитына қатыса алмағанын ашық айтты. Бұл шара бәрінен бұрын Сауд Арабиясының Куала-Лумпур саммитіне ашулы екенін көрсетті.

Екінші шара Сауд Арабиясы патшасы Салман бен Абдулазиздің Мысыр Президенті  Абдулфаттах әс-Сисиге жолдаған хаты болды. Бұл хат бәрінен бұрын Малек Салманның өз елінің ислам әлемінде оқшау қалғанына алаңдайтынын көрсетті.

Үшінші шара Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының қатынасы болды. Олар Куала-Лумпур саммитын Ислам ынтымақтастық ұйымының орнын басу мақсатында өткізілген жаңа бастама деп көрсеткісі келді. Өйткені кері жағдайда ислам елдерінің отырысын Ислам ынтымақтастық ұйымы ұйымдастыруы тиіс еді.

Куала-Лумпур саммитіне қатысқан елдер басшыларының ешқайсысы бұл саммиттің Ислам ынтымақтастық ұйымын алмастыратыны туралы сөз қозғамағаны былай тұрсын, бұл ұйымға жақсырақ әрі сындарлырақ рөл атқару үшін Сауд Арабиясының құралы болудан бас тарту қажеттігін айтты.