Иранда болат өндірісінің көлемі артты
Жел 23, 2019 14:05 Asia/Almaty
World Steel Association-нің хабарлауынша, өткен 11 айда Иранда болат өндірісі 2018 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 5,3 пайызға артқан.
World Steel Association есебінің жалғасында: "Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ пен Оңтүстік Корея өткен 11 айда әлемдегі ең үздік бес болат өндіруші ел болды. ИИР болат өндіретін 60 елдің арасында оныншы орында",-деп жазылған.