Сайлаудың екінші кезеңін өткізу – Ауғанстанның дағдарыстан шығатын жолы
Ауғанстандағы президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылықтардың артуына байланысты сайлаудың екінші кезеңін өткізу Ауғанстанның саяси дағдарыстан шығатын жолына айналды.
Ауғанстандағы сайлау шағымдары жөніндегі комиссия басшысының орынбасары Динмохаммад Азими: "Президенттік сайлаудың жарияланған нәтижелеріне байланысты шағымдар мен наразылықтардың көптігінен сайлау кейінге қалдырылуы мүмкін", - деді. Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясының мүшесі Моулана Мохаммад Абдолла: "Президенттік сайлаудың алғашқы нәтижелері заң бұзушылықтардың, соның ішінде жүздеген заңсыз, есептелмеген және жоғалған дауыстардың болғанын көрсетті", - деп мәлімдеді. Жарияланған нәтижелер бойынша, Ашраф Ғани басқарған үкіметтің сайлау тобы 50 пайыздан артық дауыс иеленіп, президенттік сайлаудың ең көп даусына қол жеткізді. Абдолла Абдолла шамамен 40 пайыз дауысқа ие болып, екінші орынға тұрақтады. Сайлау шағымдары жөніндегі комиссия басшысы орынбасарының сөзінен комиссия мүшелерінің пікірінше, сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар мен қылмыстардың көптігіне байланысты нақты тергеу мүмкін емес. Тек Абдолла Абдолланың сайлау штабы Сайлау шағымдары жөніндегі комиссияға түсірген 4000-нан астам шағымы бұл органның президенттікке үміткерлерінің көптеген шағымға тап болғанын, бұл жағдайда наразылық білдірушілердің талаптарын қанағаттандырудың жалғыз жолы сайлаудың екінші кезеңін өткізу екенін көрсетті. Ауғанстанның тәуелсіз сайлау комиссиясы басшысының айтуынша, президенттік сайлау кезінде көптеген заң бұзушылықтардың тіркелуі мен жүздеген мың күдікті дауыстың есептелуіне байланысты қазіргі саяси дағдарыстан шығу үшін сайлаудың екінші кезеңін өткізу әлеуметтік және қауіпсіздік шиеленістердің алдын алады. Ауғанстандағы президенттік сайлау үміткерлерінің, тіпті Өкілдер мәжілісінің жарияланған нәтижелерге наразылық білдіруіне байланысты сайлау шиеленістері мен күмәнді нәтижелерді жеңу үшін алдыңғы 2014-ші жылғы сайлау кезеңін қайталау мүмкін емес. Ауғанстандағы бұдан бұрынғы президенттік сайлауда Абдолланың сайлаудың екінші кезең нәтижелеріне наразылық білдіруінен кейін АҚШ-тың арағайындығымен Ұлттық бірлік үкіметін құру жобасы жөнінде келісім жасалып, дәл осы келісім соңғы бес жылдағы Ғани мен Абдолла арасындағы келіспеушіліктерге байланысты Кабул үкіметі бетпе-бет келген ең үлкен дағдарыс болды. Сондықтан осы сайлау кезеңінде Ұлттық бірлік үкіметін құру жобасын қайталау үшін жағдай қолайлы емес. Сонымен қатар үміткерлер оны сайлаудағы жалғандықты ресми қабылдау деп санайды.