Башар әл-Джафари еуропалықтардан лаңкестерін Сириядан қайтаруды сұрады
Жел 29, 2019 14:44 Asia/Almaty
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сенбі күні Түркия мен Катарды "Джабхат ун-Нусра" лаңкестік тобын қолдағаны үшін сынап, еуропалық елдерден өз лаңкестерін Сириядан шығаруды талап етті.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Башар әл-Джафари БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында осы ұйымның 2020 жылғы жалпы бюджеті туралы: "Лаңкестікке қолдау көрсететін елдер әрдайым Сирияға қарсы айып тағу және БҰҰ-ны теріс пайдаланып, жалған айыптар жобалаумен айналысады.
БҰҰ құрылған күнінен бастап алпауыт елдердің мүдделеріне сай қадам жасап келеді",-деді.