Башар әл-Джафари еуропалықтардан лаңкестерін Сириядан қайтаруды сұрады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44865-Башар_әл_Джафари_еуропалықтардан_лаңкестерін_Сириядан_қайтаруды_сұрады
Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сенбі күні Түркия мен Катарды "Джабхат ун-Нусра" лаңкестік тобын қолдағаны үшін сынап, еуропалық елдерден өз лаңкестерін Сириядан шығаруды талап етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 29, 2019 14:44 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари еуропалықтардан лаңкестерін Сириядан қайтаруды сұрады

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі сенбі күні Түркия мен Катарды "Джабхат ун-Нусра" лаңкестік тобын қолдағаны үшін сынап, еуропалық елдерден өз лаңкестерін Сириядан шығаруды талап етті.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Башар әл-Джафари БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында осы ұйымның 2020 жылғы жалпы бюджеті туралы: "Лаңкестікке қолдау көрсететін елдер әрдайым Сирияға қарсы айып тағу және БҰҰ-ны теріс пайдаланып, жалған айыптар жобалаумен айналысады.  

БҰҰ құрылған күнінен бастап алпауыт елдердің мүдделеріне сай қадам жасап келеді",-деді.