Теңіз қауіпсіздігі – әлемдік деңгейде экономикалық мүдделерді сақтаудың кепілі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44869-Теңіз_қауіпсіздігі_әлемдік_деңгейде_экономикалық_мүдделерді_сақтаудың_кепілі
Үнді мұхитында, әсіресе "алтын үшбұрыш" деп аталатын Ормуз, Малага мен Баб-эль-Мандеб бұғаздары арасындағы кеме қатынасының барлық бағыттарының қауіпсіздігін толық сақтау – әлемдік деңгейде экономикалық мүдделерді сақтаудың кепілі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 29, 2019 17:21 Asia/Almaty
  • Теңіз қауіпсіздігі – әлемдік деңгейде экономикалық мүдделерді сақтаудың кепілі

Үнді мұхитында, әсіресе "алтын үшбұрыш" деп аталатын Ормуз, Малага мен Баб-эль-Мандеб бұғаздары арасындағы кеме қатынасының барлық бағыттарының қауіпсіздігін толық сақтау – әлемдік деңгейде экономикалық мүдделерді сақтаудың кепілі.


 

ИИР армиясы Теңіз күштері қолбасшысының әскери амалдар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Ғоламреза Тахтани сенбі күні Иран, Ресей мен Қытайдың бірлескен теңіз жаттығуы туралы жиналысында: "Үнді мұхитының солтүстігі – әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірі, сондықтан халықаралық саудада маңызды",-деді. Бұл жиналысқа Иран, Ресей мен Қытайдың әскери жаттығуға келген бөлімшелерінің қолбасшылары қатысты.

Әлемде стратегиялық маңызы бар теңіз аймақтары даму мен қауіпсіздік атты екі факторды ескере отырып, айналасындағы экономикамен және әлемдік экономикамен ажырағысыз байланыста.

Парсы шығанағы, Оман теңізі және Үнді мұхиты да стратегиялық маңызы бар теңіз аймақтарына жатады. Бұл аймақтар кеме қатынасының қауіпсіздігі, контрабанда және теңіз қарақшылығымен күресу, балық аулау, теңіздің ластануымен күресу, кәсіби-техникалық әріптестік тұрғысынан айрықша маңызды.

Осы арада ИИР өз айналасындағы теңіз қауіпсіздігін сақтауға екі қырдан көңіл аударады:

Біріншісі – Парсы шығанағы, Оман теңізі және Ормуз бұғазы бағытындағы кемелердің еркін қатынасы мен теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кепілдік беру. Бұл Иран қауіпсіздігінің бір бөлігі саналады.

Теңіз қауіпсіздігі маңыздылығының екінші қыры – аймақта ұжымдық қауіпсіздікті сақтау. Вице-адмирал Тахтани айтқандай, әлемдік сауданың басты аймақтарының бірі саналатын Оман теңізі мен Үнді мұхиты аймағында көптеген елдердің кемелері қатынайды. Сол себепті ондағы қауіпсіздікті сақтау аса маңызды.

Стратегиялық аймақтарда теңіз қауіпсіздігін сақтаудың жолдары туралы әртүрлі теориялар мен үлгілер ұсынылған. Бірақ олардың ешқайсысы аймақ қауіпсіздігін шынайы түрде қамтамасыз ете алмады, бірақ өздері тынышсыздық тудыру факторына айналды.

ИИР аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қалайтын елдердің қатысуымен ұжымдық қауіпсіздікті сақтауға болатынына сенімді. Осы тұрғыдан Иран, Ресей мен Қытайдың "Теңіз қауіпсіздігі белдігі" атты әскери жаттығуының жолдауы – аймақтағы бейбітшілік, достық және қауіпсіздікті сақтау.

ИИР халықаралық суларда да халықаралық заңдар аясында стратегиялық аймақтарда еркін сауда мен кеме қатынасы қауіпсіздігін сақтауды баса айтады. Осыған орай әлемде стратегиялық маңызы бар үш бұғаз, яғни Ормуз,  Малага мен Баб-эль-Мандеб бұғаздары арасында орналасқан Үнді мұхиты – әлемнің стратегиялық аймақтарының бірі. Бұл аймақта тұрақты қауіпсіздікті сақтау аймақішілік әлеуеттерді пайдалануды және басқа елдердің осы саладағы тәжірибелерімен алмасуды қажет етеді.