АҚШ Хашд әш-Шаабидің позицияларына шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44885-АҚШ_Хашд_әш_Шаабидің_позицияларына_шабуыл_жасады
Ирактың әл-Анбар облысындағы әл-Қаем қаласында орналасқан "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің позициялары жексенбі күні кешке АҚШ ұшқышсыз ұшақтарының шабуылына ұшырап, ондаған адам қаза тауып, жараланды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 30, 2019 17:40 Asia/Almaty
  • АҚШ Хашд әш-Шаабидің позицияларына шабуыл жасады

Ирактың әл-Анбар облысындағы әл-Қаем қаласында орналасқан "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің позициялары жексенбі күні кешке АҚШ ұшқышсыз ұшақтарының шабуылына ұшырап, ондаған адам қаза тауып, жараланды.

АҚШ-тың  Хашд әш-Шаабиге қарсы әрекет етіп отырғаны бірінші рет емес. Бұдан бұрын бірнеше рет АҚШ пен оның одақтастары Хашд әш-Шаабиді "талан-тараж жасады, ақлақтық тұрғыдан бұзылды және іріткі салды" деп айыптап, оның ДАИШ лаңкестерімен күрестегі рөліне күмән тудырып, бірнеше рет оның позицияларына әскери шабуыл жасады.

АҚШ-тың Хашд әш-Шаабимен жауласуының себебі не?

Осы жауластықтың алғашқы әрі маңызды себебін Хашд әш-Шааби мен АҚШ-тың болмыстық қарама-қайшылығы деп атауға болады.  Хашд әш-Шааби – Иракта басидж-халықтық күштерді жасақтайтын ойыншы. Ол осы қуатын аймақтағы қарсыласу өзегінің мақсаттарын орындау үшін қолданады. Ал АҚШ – қарсыласу өзегінің басты жауы.

Хашд әш-Шааби өзінің қарсыласу болмысына байланысты АҚШ-тың жалпы аймақ істеріне, әсіресе Ирактың ісіне араласуына қарсы.

Хашд әш-Шааби – Иракта ИИР-ға жақын ойыншы. Ал АҚШ – Иранның әлемдегі ең маңызды дұшпаны. АҚШ-тың Қорғаныс министрі жексенбі күні кешке Хашд әш-Шааби позицияларына шабуыл жасалғаннан кейін Ирактың Хизбулла батальондарының Иранмен тығыз байланыста екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың Хашд әш-Шаабимен жауласуының екінші себебі – сионистік режимнің мүдделерін қорғау. Иракта Хашд әш-Шаабидің пайда болып, күшке ие болуы аймақта қарсыласу топтарының орнының нығайғанын білдіреді. Бұл АҚШ-тың Батыс Азиядағы ең маңызды одақтасы Израильдің мүдделеріне қайшы.

АҚШ-тың Хашд әш-Шаабимен жауласуының үшінші себебі – оның Ирак жүйесінде күш-құдіретке ие болуына кедергі келтіру. АҚШ және Израильмен қоса, Сауд Арабиясы да Хашд әш-Шаабидің басты қарсыластарының бірі. Бұл ұйым Иракта араб ойыншы болғанымен, Сауд Арабиясы Ливан Хизбулласы, Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы мен Йеменнің Ансаролласына өзіне қарсы араб қозғалыстары деп қарағандай, Хашд әш-Шаабиге де сондай қатынас көрсетеді. Сондықтан АҚШ Сауд Арабиясының саясатына жақтаспайтын араб ойыншыларды дамытпауға тырысады.

Хашд әш-Шааби Иракта ДАИШ лаңкестерімен күресте мықты ерік-жігерге ие. Ал АҚШ ДАИШ-ты жоюды көздемейтіні былай тұрсын, осы лаңкестік топ мүшелерін Сириядан Иракқа енгізуді мақсат тұтып отыр. Жексенбі күні әл-Қаем қаласында АҚШ ұшқышсыз ұшақтарының шабуылына ұшыраған Хашд әш-Шаабидің позициялары ДАИШ-тің тыныс алатын жері саналады. Осы шабуыл арқылы жүздеген лаңкес Ирак жеріне тасымалданды.

Осы себептердің барлығы АҚШ-тың Хашд әш-Шаабиге қарсы әскери амалдар жүргізуіне түрткі болды.