Хук: Иранға қарсы санкцияларды арттырамыз
Жел 31, 2019 16:30 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы әрекет тобының басшысы Иранның аймақтағы рөліне ашу білдіріп: "Вашингтон Теһранды бағындыру үшін Иранға қарсы санкцияларын арттырады",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Брайан Хук дүйсенбі күні кешке баспасөз отырысында Иранның экономикасы әлсіреуде деген уәж айтып: "Алдағы жылы Иранға қарсы санкцияларды арттырамыз",- деді. Хук сондай-ақ Иранды айыптап, өткен сенбідегі АҚШ-тың Ирактың Хашд әш-Шааби күштеріне қарсы шабуылын "қорғаныс мақсатағы шабуыл" деп атады.