Зариф Мәскеуден кейін Бейжіңде саяси кеңесуді жалғастыруда
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін сейсенбіде Бейжіңде Қытай басшыларымен кездесті.
Зариф Мәскеу сапары және Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің шақыруымен Бейжіңге аттанды. Зарифтың Бейжің сапарының маңыздылығы неде? Лавров пен Зарифтың дүйсенбі күнгі келіссөздеріне назар аударып, бұл сұраққа ақпарат құралдары мен саяси орталар көп қырлы пікірлермен жауап берді. Лавров пен Зариф «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдырынан бастап Сирия, Ауғанстан және Парсы шығанағындағы қауіпсіздік сынды бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты. Иран Cыртқы істер министрінің Азияның екі ірі мемлекеті әрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі екі әлемдік державаға жасаған сапары геосаясатына байланысты маңызды аймақтың қауіпсіздік тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы Иранның рөліне Қытай мен Ресейдің ерекше назар аударатынын білдіреді. Иран, Ресей және Қытайдың Оман теңізі мен Үнді мұхитында бірлескен әскери жаттығуының өтуінен көп ұзамай Зарифтың Ресей мен Қытайға сапар шегуі бұл салада айқын жолдауды жеткізеді. Ресей Сыртқы істер министрі Зарифпен кездескен соң: "Ресей мен Иран аймақ пен әлем мәселелерінің көбіне қатысты ортақ көзқарасқа ие. Екі елдің бейбітшіл бастамалары дәл осы тақырыпты растайды",- деді.
Бұл кеңесулердің келесі маңызды тақырыбы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы болды. Ресей Сыртқы істер министрі Зарифпен кездесуінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын біржақты және заңсыз әрекет әрі Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы деп: "Барша "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорғап, оның күшінің жойылуының алдын алуға талпынуға міндетті",- деді.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен халықаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шешудің үлгісі болды. Бірақ АҚШ-тың келісімді бұзуы оған теріс әсерін тигізді. Бұл келісімге қол қоймаған елдердің көбі оның маңыздылығын түсініп, АҚШ-ты бүкіл қиындықтардың факторы деп атады. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласында қисынды дәлелдерге ие. Сондықтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа елдер оны қолдап, Иранның мүдделері іске асырылғанша Ислам республикасы оған табанды болып қалады. Егер басқа елдер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, АҚШ-тың қысымдарына бағынатын болса, Иран үшін аталмыш келісімнен шығудан басқа жол қалмайды.