Иран сардар Қасым Сулейманиді өлтіруді террор деп бағалады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i44944-Иран_сардар_Қасым_Сулейманиді_өлтіруді_террор_деп_бағалады
БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі АҚШ-тың сардар Қасым Сулеймани мен оның қасындағыларды өлтіруін террор деп бағалады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 04, 2020 11:05 Asia/Almaty
  • Иран сардар Қасым Сулейманиді өлтіруді террор деп бағалады

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі АҚШ-тың сардар Қасым Сулеймани мен оның қасындағыларды өлтіруін террор деп бағалады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи  жұма күні БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш пен Қауіпсіздік кеңестің басшысына жолдаған хатында америкалық лаңкес әскерилердің Бағдадтың халықаралық әуежайында сардар Қасем Сулейманиді өлтіру лаңкестік әрекетіне тоқталып: «Өткен жылдарда  сардар Сулеймани аймақтың кейбір елдерінің халқы мен үкіметтеріне олардың сұрауымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі белгілеген ең қатерлі ДАИШ  сияқты және басқа лаңкестік топтарды жоюға көмектесті»,- деді.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі бұл террордың АҚШ Президенті Трамптың тікелей бұйрығымен жасалғанына назар аудартып: «Бұл әрекет  үкіметтік лаңкестіктің айқын үлгісі және халықаралық құқық, әсіресе БҰҰ Жарғысы негіздерін бұзу саналады. Сондықтан АҚШ-тың жауапты болуын талап етеді. Бұл әрекет – заңсыз және АҚШ-тың терроризммен күресу уәждерінің бос сөз екендерін әшкереледі»,- деп қосты.