Трамп Иракқа қатаң санкция салумен қоқан-лоққы жасады
АҚШ Президенті жексенбі күні кешке Ирак Парламентінің америкалық күштерді елден шығару туралы қаулы қабылдағанына реакциясында Бағдадқа қатаң санкция салумен қоқан-лоққы жасады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Бағдад АҚШ‑тың Иракта салған әуе базаларының құнын төлеген кезде ғана өз күштерін бұл елден шығаратынын мәлімдеді.
Трамп АҚШ‑тың Иракта бір өте қымбат әуе базасының барын айтып: «Ирак осы базаның құнын төлемейінше біз бұл елден кетпейміз»,‑деді.
Трамп Бағдадтың солтүстігінен 50 км жердегі «Балад» әуе базасына меңзеп отыр.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш‑Шааби» халықтық күштері басшысының орынбасары Абумаһди әл‑Моһандесті АҚШ‑тың лаңкес үкіметі Бағдад әуежайы маңында қастандықпен өлтіргеннен кейін Ирак Парламентінің өкілдері жексенбі күні америкалық күштерді Ирак жерінен шығару туралы қаулы бекітті.