Трамп Иранның кек алу шабуылына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45011-Трамп_Иранның_кек_алу_шабуылына_реакция_білдірді
Ақ үйдің психикалық тұрғыдағы жанжалдары мен АҚШ Президенті Трамп Иранның кек алу шабуылына қатысты «маңызды» сөз сөйлеу туралы уәдесінен кейін Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге шешім қабылдағанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 09, 2020 06:49 Asia/Almaty
  • Трамп Иранның кек алу шабуылына реакция білдірді

Ақ үйдің психикалық тұрғыдағы жанжалдары мен АҚШ Президенті Трамп Иранның кек алу шабуылына қатысты «маңызды» сөз сөйлеу туралы уәдесінен кейін Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге шешім қабылдағанын хабарлады.

Испанияның El Pais газетінің мәліметінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп елінің жергілікті уақыты бойынша, сәрсенбі күні таңертең Иранның АҚШ-тың әскери базасына жасаған зымырандық шабуылына реакция білдіріп, Иранға қарсы уәждерін қайталап, ислам республикасының кек алу әрекетін маңызды емес деп көрсетуге талпынып: «Ешбір америкалық зардап шеккен жоқ, тек бірнеше базаға ғана аздап зиян тиді. Дабыл жүйесі мен екі базада дер уақытында жасалған амалдар адам өлімінің алдын алды»,- деді. Трамптың бұл уәждері жергілікті дереккөздері Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ирактағы америкалық әскерилердің базасына жасаған зымырандық шабуылы ауыр зардап пен шығын келтіргенін жариялаған жағдайда айтылуда.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының хабардар басшыларының бірі кемінде 80 америкалық лаңкес әскеридің өліп, шамамен 200 әскеридің жарақат алғаны жөнінде хабарлады. Трамп сөзінің жалғасында Иранды ядролық қару шығаруға талпынуда деп тағы айыптап, өзі Президент болып тұрғанда Иранның ядролық қаруға ие болмайтынын қуаттады. Трамптың бұл бос уәждері Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сан рет ИИР-ның ядролық қару қолдануды харам деп санайтын ұстанымына тоқталып: «Иран ядролық бомба шығару үшін қаржы жұмсамайды»,- деген жағдайда айтылып отыр. Сарапшылар Трамптың Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасы жөніндегі уәждерін қайталауын қоғамдық ой-пікірді өзінің Иранның кек алу шабуылына байланысты сылбыр реакциясынан бұрмалау деп сараптады.