Америка армиясы: Ейн әл-Асад базасына он бір зымыран тиді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45022-Америка_армиясы_Ейн_әл_Асад_базасына_он_бір_зымыран_тиді
Америка Армиясы ортақ штабының басшысы Марк Милли кеше бейсенбі күні түнде Ислам революциясы Сақшылар корпусы атқан кемінде он бір зымыранның Ирактың батысында орналасқан әл-Анбар облысындағы Ейн әл-Асад базасына тигенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 09, 2020 17:50 Asia/Almaty
  • Америка армиясы: Ейн әл-Асад базасына он бір зымыран тиді

Америка Армиясы ортақ штабының басшысы Марк Милли кеше бейсенбі күні түнде Ислам революциясы Сақшылар корпусы атқан кемінде он бір зымыранның Ирактың батысында орналасқан әл-Анбар облысындағы Ейн әл-Асад базасына тигенін мәлімдеді.

IRNA News агенттігінің мәліметі бойынша Марк Мили Ислам революциясының Сақшылар корпусы сәрсенбі күні қысқа қашықтықтағы баллистикалық он алты зымыранды Иранның үш пунктінен атқанын, кемінде соның он бірі Ейн әл-Асад базасына, бір зымыранның Ирактың Эрбил қаласындағы нысандарына тигенін мәлімдеді.

Ирактағы жауапты майдандық дереккөзі әл- Анбар облысындағы Ейн әл-Асад базасындағы радиолокация кешенінің Сақшылар корпусының зымырандық шабуылынан кейін толығымен жойылғанын мәлім етті.
Сионистік режимнің бір журналисі де сәрсенбі күні америкалық жараланған 224 әскеридің Тель-Aвивке емделу үшін тасымалданғанын хабарлады.