Әлем шәһид Солейманидің лаңкестікпен күрестегі маңызды рөлін түсінді
(last modified Fri, 10 Jan 2020 02:54:09 GMT )
Қаң 10, 2020 08:54 Asia/Almaty
  • Әлем шәһид Солейманидің лаңкестікпен күрестегі маңызды рөлін түсінді

Батыс елдерінің кейбір басшыларының ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Солейманидің өліміне реакциясы олардың лаңкестікпен күресте екұшты қатынас ұстанатынын, лаңкестікке өз мүдделері тұрғысынан қарайтынын көрсетті.

Генерал Ғасем Солеймани лаңкестіктің барлық түрімен, әсіресе Еуропаның әртүрлі қалаларынан Азияның батысына қарай тарап, Сирия мен Иракта тынышсыздық пен гибридтік соғысқа ұластырған ДАИШ лаңкестігімен күрестің нағыз қолбасшысы болды.

Азияның батыс аймағында лаңкестіктің барлық түрінің жеңілуі осы сорақы құбылыстың Еуропаның орталығына жетуіне тосқауыл жасады.

Еуропа елдері астаналарындағы бүгінгі тұрақтылық пен бейбітшілік Қарсыласу қозғалысы күштерінің қолбасшысы шәһид генерал Солейманидің талпыныстары мен күресінің нәтижесінен басқа ештеңе емес. Ол үздіксіз қарсыласуының арқасында ДАИШ лаңкестігі Сирия мен Иракта тұрақтануына кедергі жасады.

Әртүрлі лаңкестік топтар Батыс елдерінің, соның ішінде НАТО ұйымына мүше елдердің екіұшты ұстанымымен Азияның батысында гибридтік соғыс бастап, осы елдер мен Американың саясаттары аясында маңызды рөл атқарды. 

Бір кездері сексеннен астам ел, әсіресе Еуропа елдері өз шекаралары арқылы оп-оңай Сирияға өткізген ДАИШ пен Ән-Носра шебі лаңкестігінің аяқталуымен Еуропа елдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Себебі ДАИШ лаңкестікті Еуропа қалаларына дейін жеткізу бағдарламасына ие болды.

Бұл мәселе шәһид генерал Солейманидің қолбасшылығымен қарсыласу өзегінің лаңкестіктің барлық түрімен шынайы күресінің арқасында шешілді. Осындай жағдайда НАТО Бас хатшысының генерал Солейманиді лаңкестікпен өлтіруді ақтауы халықаралық заңдарды құрметтемейтін Америка үкіметінің лаңкестік әрекетін растау саналады.   

Америка мен НАТО-ның өткен жылдары Ауғанстанда қирату, тынышсыздық пен лаңкестікті таратудан басқа жетістігі болған жоқ.

Иран СІМ ақпарат хатшысы Сейед Аббас Мусави НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Американың генерал Солейманиді өлтірген әрекетін ақтаған сөзін айыптап: «НАТО соңғы жылдары аймақ пен әлем халықтары үшін қирату мен соғыс, қауіп-қатерден басқа жетістікке қол жеткізген жоқ», - деді.

Дональд Трамппен жақтасып, Ғасем Солейманиді қастандықпен өлтіруді ақтайтын Еуропа елдерінің басшылары лаңкестікпен күресте жарқын тарихтан кенде. Сонымен қатар осы елдер халықаралық заңдар мен адам құқығын да өз мүдделеріне құызмет ететін құрал санайды. Батыстың бұл саясаты Ауғанстанды жиырма жылдан бері соғыс, бейберекетсіздік жәте қираумен бетпе-бет келтірді.

Әлем халықтарының лаңкестікпен соғыс алаңындағы шынайы қолбасшы генерал Ғасем Солейманидің қастандықпен өлтірілуіне реакциясы Америка мен одақтастарының бүлдіргі, заңсыз қатынастары мен әрекеттерін жасыра алмайтынын көрсетті.

 

Тегтер