Иран волейбол командасы олимпиадаға бір қадам жақындады
Қаң 12, 2020 13:53 Asia/Almaty
Иранның ұлттық волейбол командасы кеше сенбі күні олимпиадаға іріктеу ойындарының жартылай финалында Оңтүстік Корея командасымен бәсекеге түсіп, оны 3:2 есебімен жеңіп, финалға жол тартты. Жарыстың қорытынды кездесуі бүгін жексенбі күні Иран мен Қытай командалары арасында өтеді.