Трамп Ирандағы бүлікшілерді тағы қолдады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45057-Трамп_Ирандағы_бүлікшілерді_тағы_қолдады
АҚШ Президенті сенбі күні кешке Иран халқын жақтап сөйлеп, елдегі кешегі бүлікті қолдады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 12, 2020 16:29 Asia/Almaty
  • Трамп Ирандағы бүлікшілерді тағы қолдады

АҚШ Президенті сенбі күні кешке Иран халқын жақтап сөйлеп, елдегі кешегі бүлікті қолдады.


Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран халқына барынша қысым жасау саясатын ұстанып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранның экономикалық қуатын әлсірету үшін бар күшін салып келе жатқан АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні кешке Иран халқын жақтап сөйлеп, елдегі кешегі бүлікті қолдады.

Дональд Трамп Twitter-дегі жазбасында өзі президент болғаннан бері Иран халқының жанында екенін, АҚШ үкіметінің Иран халқын қолдауды жалғастыратынын айтты.

Трамп бұл күлкілі жазбасын Ұлыбритания елшісі Теһранда бірнеше сағатқа ұсталғаннан кейін жариялады.

Трамп бұдан бұрын да Ирандағы бүлікшілерді қолдаған болатын.

АҚШ басшыларының  бұл гуманистік ишараты Вашингтонның әсіресе басты тауарлар, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарға қатысты біржақты зұлым санкциялары Иран халқына көптеген қиындық тудырған жағдайда көрсетіліп отыр.