АҚШ-тың сардар Солейманиге қастандық жасау қылмысына қатысты жаңа мәлімет жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45063-АҚШ_тың_сардар_Солейманиге_қастандық_жасау_қылмысына_қатысты_жаңа_мәлімет_жарияланды
CNN ақпарат арнасы Black Water әскери компаниясының негізін қалаушының ИИР Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағы қолбасшысына қастандық жасау тақырыбын АҚШ-тың қазіргі Президентінің сайлау штабына ұсынғанын әшкереледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 12, 2020 17:51 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың сардар Солейманиге қастандық жасау қылмысына қатысты жаңа мәлімет жарияланды

CNN ақпарат арнасы Black Water әскери компаниясының негізін қалаушының ИИР Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағы қолбасшысына қастандық жасау тақырыбын АҚШ-тың қазіргі Президентінің сайлау штабына ұсынғанын әшкереледі.

CNN ақпарат арнасының хабарлауынша, бұл есепте Ресейдің АҚШ-та 2016 жылы өткен сайлаудаға ықтималды рөлін тексеру ісіне қатысты құжаттар келтірілген. Қазір академия деп аталатын Black Water әскери компаниясының негізін қалаушы Эрик Принс АҚШ-тағы 2016 жылғы сайлауда қазіргі Президенті Дональд Трамптың сайлау штабына сардар Ғасем Солейманиге қастандық жасасын деп кеңес берген.

Принс – АҚШ-тың Білім министрі Бэтси Девостың інісі.

CNN ақпарат арнасы: "Эрик Принс бұл кеңесті Трамптың бұрынғы аға стратегі Стивен Бэннонға ұсынған есебінде берген",-деп жазды.

Осы есеп бойынша, Трамптың сол кездегі ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майкл Флинн мен АҚШ Президенті ұлдарының бірі Принстің бұл пікірін қолдаған.