Беларусь Қазақстаннан мұнай сатып алуға мүдделі
Қазақстан Энергетика министрі Беларусь тарапынан мұнай және мұнай өнімдерін сатып алуға ұсыныс алғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрлан Ноғаев: "Беларусьтің "Белнефтехимия" компаниясы осы ұсынысты талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр",-деп жазды.
Ол: "Қазақстан мұнайы әртүрлі бағыттарда ұсынылады. Біз Беларусь тарапының ұсынысын талқылауға дайынбыз",-деді.
Ноғаев мұндай келісімнің Қазақстанның экономикалық мүддесіне байланысты боларын айтып: "Егер мұнай компаниялары осы салада әріптестік жасағысы келсе, біз тиісті тараптармен кездесу ұйымдастыруға дайынбыз",-деді.
Ол сөзінің жалғасында мұндай келісімшарттың жасалуы мүмкін екенін айтып: "Беларусь делегациясы 20 қаңтарға дейін осы мақсатта Қазақстанға келеді деп күтілуде",-деді.