Трампқа импичмент жариялау туралы сот үдерісі басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45118-Трампқа_импичмент_жариялау_туралы_сот_үдерісі_басталды
Вашингтонда апталар бойы болған тартыстардан кейін АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трампқа қатысты істі Сенат палатасына жіберіп, импичмент туралы соттың өтуіне дауыс берді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 16, 2020 20:09 Asia/Almaty
  • Трампқа импичмент жариялау туралы сот үдерісі басталды

Вашингтонда апталар бойы болған тартыстардан кейін АҚШ-тың Өкілдер палатасы Дональд Трампқа қатысты істі Сенат палатасына жіберіп, импичмент туралы соттың өтуіне дауыс берді.

Өкілдердің палатасы мүшелері 228 оң, 193 теріс дауыс бергеннен кейін Сенат палатасы сот отырысын өткізіп, АҚШ Президентіне тағылған екі айыпты қарастыра алады. Бұдан бұрын Өкілдер палатасында Трампқа тағылған бұл екі айып мынау: Украинаға қысым жасау үшін билікті теріс пайдалану және іс куәгерлерін қорқыту арқылы Конгреске өз міндеттерін атқаруына кедергі жасауға талпыну.

Енді 100 сенатор сот отырысын өткізіп, Трамптың осы айыпқа қатысты кінәлі-кінәлі еместігі туралы шешім қабылдауы тиіс. АҚШ-тың конституциясына сәйкес, егер ақырында Сенат палатасы мүшелерінің үштен екісі, яғни 67 сенатор АҚШ Президентін кінәлі деп тапса, ол өз қызметінен шеттетіледі. Сенат соты ақтаған жағдайда АҚШ Президенті заңдық мерзімнің соңына дейін өз міндетін атқарады.

Бұдан бұрын республикашылар іс бойынша айыптыны кесімді түрде қолдайтынын жариялап, сот отырысы болғанға дейін өз көзқарасын білдіріп қойған.

Мысалы, Сенаттағы республикашылардың көбін басқаратын Мич Макконнелл импичмент туралы істі Өкілдер паласынан Сенатқа жіберумен бір мезгілде: "Дональд Трампты қызметтен босату үшін жасалып жатқан шаралар – партиялық ойындар",-деп мәлімдеді.

Басқа сөзбен айтқанда республикашылар тіпті құқықтық заңдылықтарды сақтау үшін бір қылмыстық іске қатысты саяси көзқарас білдіруден бас тартуға да дайын болмай шықты. Бұл мәселе Конрестің демократ өкілдерінің республикашыл сенаторларды Трампқа қатысты әділеттік пен бейтараптық сақтамай отыр деп айыптауына себеп болды. Бұған қарамастан, демократтар Трампты Ақ үйден шығару үшін Сенаттың сот отырысында кемінде 20 республикашыл сенатордың қолдауына ие болуы тиіс. Мұны орындау қиын. Сол себепті Өкілдер палатасының демократтары осы палатаның төрайымы Нэнси Пелосидің жетекшілігімен Сенатты Трамптың жақындарын куәлік беруге шақыртуға мәжбүрлеуге бар күшін салды. АҚШ Президентінің бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон мен Ақ үйдің кадрлар бөлімінің басшысы Майк Малуни сияқты адамдардың сот отырысына қатысуы арқылы Трамптың Украинаға қатысты билігін асыра пайдаланғанының жаңа қырлары ашып, республикашылдардың Президентке қатысты біржақты пікірін өзгертуге болады деп күтілуде. Әрине тура осы мәселе республикашыл басшылардың импичмент туралы сот отырысына куәгер болудан бас тартуына себеп болды.

Бұған қарамастан, Трамп сотының нәтижесі қалай боларынан бөлек – оны ақтаумен аяқталуы ықтимал – Вашингтондағы бұл саяси-құқықтық күш сынасу әсерлерінің АҚШ саясатында ұзақ жылдар бойы қалатыны және бұл елде саяси-партиялық алшақтықтардың тереңдей түсетіні анық.