Трамп Сенат палатасында өзіне қатысты соттың басталғанына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45127-Трамп_Сенат_палатасында_өзіне_қатысты_соттың_басталғанына_реакция_білдірді
АҚШ Президенті Сенат палатасында өзіне қатысты соттың басталғанына реакция білдіріп, бұл істің бір телефон қоңырауы арқасында ешбір нұқсансыз өтетінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 17, 2020 15:00 Asia/Almaty
  • Трамп Сенат палатасында өзіне қатысты соттың басталғанына реакция білдірді

АҚШ Президенті Сенат палатасында өзіне қатысты соттың басталғанына реакция білдіріп, бұл істің бір телефон қоңырауы арқасында ешбір нұқсансыз өтетінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Сенатта өзіне импичмент жариялау заңының тармақтары оқылғаннан кейін Twitter-де: "Тек бір телефон қоңырауына байланысты нұқсансыз саналатын бұл импичмент үдерісі өте тез аяқталады",-деп жазды.  

Трамп, сондай-ақ, импичмент үдерісінің өз үкіметінің жетістіктері, соның ішінде Қытаймен бастапқы сауда келісімі, Канада және Мексикамен жаңа сауда келісімдерінің байқалмай қалуына себеп болғанын айтты.

Импичмент туралы сот отырысындағы прокурорлар тобын басқаратын АҚШ Өкілдер палатасының барлау комитетінің басшысы Адам Шифф бейсенбі күні Трамқа импичмент жариялау ісін ресми түрде Сенат палатасына тапсырып, импичмент мәтінін оқыды.