Хуктың арсыз уәжі: Иран уран байытуды қажет етпейді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i45139-Хуктың_арсыз_уәжі_Иран_уран_байытуды_қажет_етпейді
Иран істері жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі өзінің арсыз әрі заңсыз уәжінде: "Егер Иран бейбіт мақсатты атом энергиясын пайдаланғысы келсе, уран байытуды қажет етпейді",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 18, 2020 14:53 Asia/Almaty
  • Хуктың арсыз уәжі: Иран уран байытуды қажет етпейді

Иран істері жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі өзінің арсыз әрі заңсыз уәжінде: "Егер Иран бейбіт мақсатты атом энергиясын пайдаланғысы келсе, уран байытуды қажет етпейді",- деді.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Брайан Хук АҚШ мемлекеттік департаментіндегі баспасөз отырысында тағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қате келісім деп атап: "Иранның ядролық келісімінен көп нәрсе қалмады. Біз Иранның уран байытуына тыйым салатын стандарттарды қайтарып, тіпті ядролық бағдарламасынан кеңірек тақырыпты талқыға салуымыз керек. Иран уран байыту мүмкіндікке ие болмауы керек",- деп қосты.

Хук өз уәжін БҰҰ Қауіпсіздік кенесінің №2231-ші қарары 2015 жылдың 20 шілдесінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын растап, Иранға қарсы бекітілген алты қарардың күшін жойған  және Иранның уран байыту құқығын қуаттаған жағдайда айтылуда.